Көмір бағасын қолдан өсірушілермен кім күреседі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көмір бағасын қолдан өсірушілерге биыл қандай тосқауыл қойылады? Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен брифингте БАҚ өкілдері тарапынан осындай сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтырғымаусымда елорданы жылытуға 420 мың тонна көмір кеткен. Нұр-Сұлтан қаласыныңотын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ЕрболТөлеуов оның 20 пайызын қалаға жақын жатқан Қарағанды және Ақмола облысыныңелді мекендері тұтынғанын мәлім етті.

«Біз жылсайын көмірді ертерек сатып алу керектігін айтамыз. Бірақ жылыту маусымынадайындық мектепке дайындықпен қабаттасып келеді. Сондықтан, тұрғындардың көбібалаларын оқу жылына дайындаумен әуре болып жатады. Бұл жылда қайталанатынқұбылыс. Көмір сатып алу қыркүйек айынан кейін ғана қызады. Мұны жеткізушілерде біліп алған. Ол кезде кен орындарынан көмір көптеп әкелінеді», - дейдіәкімдік өкілі.

ЕрболТөлеуов көмір бағасы алып-сатарлықтың кесірінен құбылатынын мойындады.

«Өкінішкеорай, ондай мәселе бар. Оның туындағанына біраз уақыт болды. Алып-сатарлармен күрес қалалық ішкі істердепартаментіне жүктелген. Өйткені, біз алып-сатумен айналысатындарды бақылайалмаймыз. Біз ірі сатушыларды ғана бақылап отырмыз. Өз көлігімен сатып алып, қаланың шетіне барыпкөмірдің бір тоннасын 18 мыңнан сатып жүргендер бар. Бұл іс ішкі істер департаментіне жүктелген.Сондай-ақ, қаланың аудандық әкімдіктері реттеуге міндетті», - деді ол.

Басқармабасшысының айтуынша, әлеуметтің әлсізтоптарына жылыту маусымына көмек ретінде 20200 теңге көлемінде бір реттікөтемақы берілмек.

«Өтемақысомасы – 20200 теңге. Бұл сома жылыту маусымында бір рет төленеді. Аталмышкөмекке өтінім беру үшін Нұр-Сұлтанқаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүгінуқажет. Ондай көмектің кімге берілетінін, кімге қарастырылмағанын да сол жерденбілу қажет», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар