Көмір энергияның негізгі көзі болып қала бермек

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - 2030 жылға дейін көмір энергияның негізгі көзі болып қала береді. Бұл туралы бүгін «Қазэнерджи» қауымдастығы кеңесінің отырысында ұйымның бас директоры Әсет Мағауов мәлім етті.

Оның айтуынша, 2030 жылға дейін энергия мен жылуды тұтыну көлемі артады. «Онымен қатар энергия үнемдеу шаралары да атқарылатын болады. Негізі, энергияның басым бөлігі көмірдің негізінде өндірілмек. Сол себепті көмір энергияның негізгі көзі болып қала береді», - дейді Ә.Мағауов.