Көмір тиелген 20 вагон рельстен шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Амур облысында көмір тиелген 20 вагон рельстен шығып кетті.

"Алдын ала ақпарат бойынша пойыздың 67 вагонының 20-сы рельстен шығып кеткен. Апат Мадалан және Тахтамыгда стансалары арларындағы теміржол өткелінде орын алған. Екі бағыт бойынша да пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды ", - деп хабарлады ТДМ ММ аймақтық өкілі. Абырой болғанда, ешкімзардап шекпеген.