Көмір тиелген вагонмен Ресейге өтіп кетпек болған

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстандық азамат көмір тиелген вагонның ішіне тығылып, Ресей Федерациясына өтіп кетпек болған.

Ресей Федерациясы Қорған облысының прокуратурасы хабарлағандай, осы айдың басында Пресногорьковская - Қорған бағытындағы жүк пойызымен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен 54 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Оның Ресейге шығуға рұқсат беретін қажетті құжаттары да болмаған.

Бүгінде мемлекеттік шекараны заңсыз бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратураның шешіміне сәйкес, қазақстандық азамат қамауға алынды.