Көмір жеткізудегі негізгі проблема жүк вагондарының тапшылығынан туындауда
«Қазіргі уақытта Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің мәліметтері бойынша, теміржол вагондарының жетіспеушілігінен көмірді жеткізуде проблемалары бар. Атап айтқанда, көмір өндіруші компаниялардың техникалық мүмкіндіктері ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және көмірдің едәуір көлемін экспорттауға толығымен жетеді»,-делінген ведомство ақпаратында.
Ағымдағы жылдың қараша айының соңындағы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметтері бойынша темір жол көлігімен Астанаға 1 504 236 тонна жеткізілуі тиіс еді. Алайда 768 830 тонна ғана қамтамасыз жеткізілді. Осы орайда Ақмола облысына аталған мерзімге 3 444 584 тонна тиесілі болғанымен, 2 744 041 тонна тасымалданды, ал Солтүстік Қазақстан облысына 2 227 657 тоннаны жеткізу жоспарға енгізілсе де, 1 474 593 тоннаға ғана қамтамасыз ету мүмкін болды.
«2016 жылғы 2 желтоқсандағы жағдай бойынша, электр стансаларында көмір қоры 3,2 млн. тонна көлемінде және 121 мың тонна мазуты бар. Бұл кор нормативтік пайдалану қорының көлеміне сәйкес. ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті өңірлердің әкімдіктерімен, энергетикалық кәсіпорын басшыларымен биылғы жылу маусымының отын қорын құру мәселелерін қарау бойынша салалық селекторлық кеңес өткізуде.
Сондай-ақ, қажеттілігіне қарай электр станцияларды отынмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастырылуда. 2016 жылдың 10 айында жедел мәліметтер бойынша көмір өндіруші компаниялар 76,8 млн. тонна көмір өндірді. (2015 жылдың сәйкес кезеңіне 96,2 %)»,-деп атап өтілген ведомство мәліметінде.