Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімовтің айтуынша, қазіргі уақытта бұл жоба пысықталуда, ол экономиканың барлық салаларына әсер етуді бағалай отырып, энергияға көшуге және ESG тұрақты даму тәсілдері негізінде теңгерімді сақтауға бағытталған.
«Стратегия жобасына климат саласындағы халықаралық күн тәртібі, тәсілдер, даму кезеңдері мен сценарийлері, сондай-ақ көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу тетіктері сияқты маңызды бағыттар енгізілген. Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күреске өзінің бейілділігін білдіп, қазіргі сын-қатерлерге қарамастан, Париж келісімі шеңберіндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін бар күшін салады. Бұл бірлескен және жемісті жұмысқа тікелей байланысты», - деді Әбдікәрімов.