Комиссия академиялық оқу орындары үшін шетелден білім алатын қосымша 37 мамандықты бекітті

None
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Мемлектетік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында академиялық оқу орындары үшін тағы қосымша 37 мамандық және тәжірибеден өтуі үшін 47 мамандық бекітілді.

Комиссия отырысында Мемлекеттік хатшы М. Тәжин «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1994 жылдан бері 9 233 адам шетелде білім алғанын атап өтті. Ал 2013 жылға «Болашақ» бағдарламасына 1093 стипендия бөлінген.

Сонымен қатар, комиссия отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспарының бірінші кезеңінің орындалу барысы туралы хабардар етті.