Комиссия отырысында Мемлекеттік хатшы М. Тәжин «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1994 жылдан бері 9 233 адам шетелде білім алғанын атап өтті. Ал 2013 жылға «Болашақ» бағдарламасына 1093 стипендия бөлінген.
Сонымен қатар, комиссия отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспарының бірінші кезеңінің орындалу барысы туралы хабардар етті.