Комитет төрағасының экс-орынбасары: «ҚазТАГ ХАА-мен шарт заңсыз жасалған»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Сейітқазы мен Әсет Матевтар ісі бойынша куәлерден жауап алу жалғасып жатыр. Бүгін сотта Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің өкілдері сөз сөйледі.

Тергеу нұсқасы бойынша, 2010-2015 жыл аралығы кезеңінде Сейітқазы Матаев ұлы - «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС бас лиректоры Әсем Матаевпен алдын ала сөз байласып, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі көлемде мемлекеттік сатып алу саласындағы бюджеттік қаражаттарды жымқырған. Ұрлық сомасы 169 млн теңгені құрайды.

БААК төрағасының бұрынғы орынбасары Бек Арапбаев ҚазТАГ ХАА қалай мемлекеттік сатып алу жеңімпазы болғанын айтты.

 «Болат Берсебаев (бұрынғы комитет төрағасы) ҚазТАГ-ты жеңімпаз деп көрсететін бір көзден мемлекеттік сатып алу хаттамасын  дайындауға тапсырма берді», - деп хабарлады куәгер.

Өз кезегінде, Бек Арапбаев өз қызметкерлеріне қажетті құжаттама дайындауға тиісті нұсқама береді. «Бұл заңсыз шешім болды, себебі ҚазТАГ бұдан бұрын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатыспаған. Біздің бұл шартты жасауға құқығымыз болған жоқ», - деді куәгер.

Сондай-ақ Бек Арпабаев ҚаТАГ ХАА есептерін қабылдау қалай жүзеге асқанын егжей-тегжейлі айтып берді.

«Орындаған жұмыс актісінде бұзушылықтар болды, ай сайын 40-55 жаңалықтар салу керек болды, олар айына 100 жаңалық шығарды, ақпарат кең ортаға таралмай жабық түрде жарияланды», - деп атап өтті ол.

Бек Арапбаев орындалған жұмыс актісін тексермегенін, Сейітқазы Матаевқа сенгенін түсіндірді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабына сәйкес БААК пен «Қазақтелеком» АҚ лауазымды тұлғалары өкінуіне, тергеуге жәрдемдесуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылғанын атап өткен жөн.