«Коммекс-Өмір» СК» Акционерлік қоғамы халықаралық рейтингке ие болды

АЛМАТЫ. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Мооdy's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі, "Тұрақты" рейтингтік болжамы бойынша «Коммекс-Өмір» СК»  АҚ қазақстандық сақтандыру компаниясына В3 ғаламдық шкаласы бойынша сақтандырушының қаржылық тұрақтылық рейтингін берді.

Бұл туралы бүгін арнайы баспасөз мәжілісінде сақтандыру компаниясының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемдік экономикадағы  күрделі  ахуал жағдайында халықаралық рейтингтің берілуі компания ұстанымдарының тұрақтылығын, өз міндеттерін  толық көлемде  және мерзімінде орындаудағы жоғары қабілеттілігін және де сақтандыру рыногындағы  тексерістен өткен даму стратегиясы мен жоғары білікті әрі  құзыретті менеджменттің арқасында қол жеткізілген күшті бәсекелестік ұстанымдарын  көрсетеді», деді "Коммеск-Өмір" СК" АҚ-ның Басқарма Төрағасы  Дмитрий Жеребятьев.

Жиынға қатысушылардың пікірінше, рейтингтің жария етілуі «Коммеск-Өмір" СК» АҚ-ның  мөлдірлігі мен ашықтығын көрсетеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның сақтандыру рыногында 43 сақтандыру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде үшеуі ғана халықаралық рейтингке ие, олар -  Экспорттық несиелерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы, «Еуразия" СК» АҚ-ы, «Сентрас Иншуранс» СК" АҚ-ы. Енді оның қатарына «Коммеск-Өмір" СК» АҚ-ы да кірді.

«Біз Moody's агенттігінің рейтинг беруін қол жеткізілген жетістіктердің бағалануы және компания дамуының корпоративті стратегиясын  жүзеге асырудағы   және  халықаралық сақтандыру қоғамдастығына интеграцияланудағы  кезекті қадамы  ретінде бағалаймыз. Біз сенімді және тұрақты компания ретіндегі  беделімізді  растағанымызға қуаныштымыз", деп атап өтті  "Коммеск-Өмір" СК" АҚ-ның Басқарма төрағасы  Дмитрий Жеребятьев.