Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта өндірістік жайларды жалға беру бағасы 1,6 пайызға, әкімдік-кеңсе мақсатындағы жайларды жалға беру 1,1 пайызға өскен.
Ағымдағы жылғы алты айда жер асты паркингтерін жалға беру бағасы 7,9 пайыз, дәріханаларда - 4,2 пайыз, валютаны айырбастау пункттерінде - 3,2 пайыз, өнеркәсіптік базаларда - 2,7 пайыз, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету стансаларында - 2,6 пайыз, дүкендерде - 1,2 пайызға өскен.
Сонымен бір мезгілде, банк филиалдарына арналған орын-жайларды жалға беру бағасы 1,3 пайызға, көлік жуу орындары - 0,9 пайызға, шаштараздар мен сұлулық салондары - 0,6 пайызға, мейрамханаларды жалға беру 0,3 пайызға төмендеген.