Коммуналдық қызметтерді тұтынушылар үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға міндетті ? дөңгелек үстел

АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Энергияны үнемдеу: есеп құралдарын орнату» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елбасының 2009 жылғы наурыздың 6-сында жасаған «Дағдарыстан ? дамуға» Жолдауын іске асыру мақсатында өткен аталмыш дөңгелек үстелге табиғи монополия субъектілері, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Басқосуда энергияны үнемдеу, Астанада жылу энергиясы бойынша жалпы үйге ортақ есеп құралын орнатудың тиімділігі, қаладағы электр энергиясының тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтері жайлы мәселелер талқыланды. Отырыста 2008 жылғы мамырдың 1-інен бастап Астана қаласында электр энергиясына тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер енгізілгендігі айтылды. Ал «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңның 23-ші бабына толықтырулар мен өзгерістер енгізілуіне сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді тұтынушылар 2009 жылғы тамыздың 1-іне дейін үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу құралдарын орнатуға міндетті.