Коммуналдық мәселелер, әлсіз әлеуметтік қамтамасыз ету - өңірлердің тұрғындары не туралы айтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «АДАЛ» партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің халықпен кездесулері жалғасуда.

Адамдар бірқатар бағыттар бойынша проблемалық мәселелерді айтып, өмірдің түрлі салаларын дамыту бойынша бастамаларды ұсынады. Бұл мәселелер үміткерлер Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева, Лаура Маликова, Алина Асқарова, Игорь Шацкийдің Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қ.Кайсенов ауылының

тұрғындарымен кездесулері барысында талқыланды.

Кент тұрғындары бағдарламаның азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы ережелерін, бизнесті дамыту бойынша ұсыныстарды оң қабылдады.

Мәжіліс депутаттығына үміткер Ләззат Шыңғысбаева Алматы облысының тұрғындарымен кездесулерін жалғастырды.

Бүгін ол Көксу өңірінің Балпық-Би ауылының тұрғындарымен кездесті.