Коммуналдық тарифтер бағасының өсуін бірқалыпты ұстап тұру қажет - Қоғамдық кеңес отырысы

None
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП -ның Алматы қалалық филиалында әлеуметтік мәселелерді қарау және шешу жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Отырыста коммуналдық тарифтердің бағасы мен қаланың тұрғын үй -құрылыс шаруашылығын қайта жаңғырту мәселесі талқыланды. Кеңеске қатысушылардың айтуынша, коммуналдық төлемдердің қазіргі бағасын ұстап тұру қажет. Оларды ұлғайтуға жол бермеу керек. Ал тұрғын үй- құрылыс шаруашылығын жетілдіру тұрғындар тарапынан түсіп жатқан шағымдардың негізін құрайды.

Бұған дейін бұл мәселе сәуірдің 21-і күні өткен кеңес барысында қаралған болатын. Онда бұл мәселеге қатысты жұмыс тобын құру көзделген еді. Шілденің 14-і күні қала әкімінің бұйрығымен аталған комиссия құрылып, қала әкімінің орынбасары Ербол Шорманов төраға болып тағайындалған. Отырыс барысында аталған комиссияның жұмысы негізінде тарифтер мен тұрғын үй шаруашылығына қатысты бірнеше кешенді жұмыстар басталғаны айтылды. Басқосуға қоғамдық кеңес мүшелерімен қатар «Алматы су» МҚК, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Алматыжылукоммунэнерго», «Алматы жылужүйелері» АҚ-ның өкілдері қатысып, баға саясатына қатысты өз ұстанымдарын білдірді. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл мекемелердің басшыларына тұрғындар тарапынан бағаның өсуіне жол бермеу туралы шағымдардың көптеп түсіп жатқанын айтып, бағаның өсуіне қалайда жол бермеуді тапсырды.

Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық саласының дамуы Президенттің биылғы жылы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында айтылған басым бағыттардың бірі. Осыған байланысты ел Үкіметіне 2011 жылға қайрай 2020 жылға дейінгі тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық саласын кең көлемде қайта жаңғырту жоспарын дайындау жүктелген.