АНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков шетелдік бақылаушылармен, халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдардың, бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдардың өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында Ж.Ахметбеков өзінің сайлауалды іс-шараларының қалай өткізіліп жатқандығы туралы әңгімелеп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ ол сайлаудың әділ өтетіндігіне сенім білдірді.
Оның атап өтуінше, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы дауыстарды әділ санауды қамтамасыз ету үшін 3 мыңнан астам бақылаушы дайындады
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.