Компьютер клубының операторын 30 мың теңге үшін өлтірген қанішерлер сотталды

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Жуырда ғана компьютер клубының операторын 30 мың теңге үшін өлтірген үш қанішер ұзақ жылға бас бостандықтарынан айырылды. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев айтты.

«Осы жылғы қыркүйектің 14-де компьютер клубының операторы Т. Нечкасованы өлтіру фактісі бойынша прокурор тергеген іс аяқталып, сот үкімі шығарылды. Осы ауыр қылмысты Жамбыл облысы Шу қаласының үш тұрғыны Т.Нечкасованың 30 мың теңге мөлшеріндегі ақшасын және ұялы телефонын тартып алу мақсатында ғана аса қатыгездікпен жасаған», деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, осы қылмысқа кінәлі Выговский 17 жылға, Бек 16 жылға және Саркисян 13 жылға бас бостандықтарынан айырылды.