Автор мақалада жасанды интеллект күннен күнге дамып жатқандықтан, компьютер адам интеллектісінен асып түсе ме, шығармашылық индустриясы мен суретшілер ортасына өзгеріс енгізе ала ма деген сұраққа жауап іздеп көріпті.
«Алгоритмдер сурет салып, музыка жазып, өлең шығарып жатыр. Мысалы, Google DeepMind жасанды интеллект бағдарламасы 2017 жылы әлемдегі ең қиын Go қытай ойынында жеңіске жетті. Бағдарлама жаңа шығармашылық жол тауып, стратегия жасай білді. Дегенмен, өнер виртуалды әлемге арналмаған», деп жазады басылым.