Бүгін Астанада өткен конференцияда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің департамент директоры Бақытжан Битеміров осы мәселені көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, осы саладағы қазақстандық нарықта шетелдік «Майкрософт», «Оракал» және «ЭсАйПи» сияқты компаниялардың өнімдері доминанттық басымдыққа ие. Ал отандық өнім өндірушілердің үлес салмағы 5 пайызға да жетпей отыр.
Сондай-ақ Б.Битеміров атап көрсеткендей, қазіргі кезде Қазақстан шұғыл Интернет байланысын кеңейту және сандық телеқызмет көрсету жағынан қалып келеді.