Отырыста Қазақстанда бүгінгі таңдағы компьютерлік бағдарламаларға және тұрмыста қолданылатын жоғары технологиялық өнімдерге қазақ тілін енгізу мәселесі қаралады. Сонымен бірге қазақ тілін үйретудегі компьютерлік бағдарламаларды жетілдіру, қазақ тілді IT-мамандарды дайындау, ұялы байланыс қызметіндегі қазақ тілін қолданудың жай-күйі талқыланады.
20:42, 23 Маусым 2010
Компьютерлік бағдарламаларға, жоғары технологиялық өнімдерге қазақ тілін енгізу мәселесі қаралады
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Ертең, маусымның 24-і, бейсенбі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі ғимаратында Мәжілістің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттарының «Жаңа Қазақстан» тобының кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі.