Компанияларда қазақстандық жұмысшылардың еңбекақысын көтеруге талдау жүргізіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетел жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда кадрлар бойынша қазақстандық қамту 96 пайыз. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыспен қамту саясатындағы біздің негіз мақсатымыздың бірі – ұлттық еңбекнарығын қорғау. Бұл базалық талапты министрлік те, барлық жергілікті атқарушыоргандар да ұстанады. Бүгінде шетел жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда кадрларбойынша қазақстандық қамту 96 пайызды құрап тұр», - деді вице-министр Үкіметүйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, кәсіпорындарда шетел және Қазақстан мамандарыныңлауызымы мен кәсібі, сондай-ақ қызметтік міндеттері де бірдей болса, шетелазаматтарына жоғары еңбекақы төлеуге еш негіз жоқ.

«Бұл талапты қатаң бақылауда ұстап тұрмыз, осыған мемлекеттік еңбекинспекциясының, прокуратура органдарының күш-жігері бағытталған. Бүгінде Президенттің тапсырмасын ескере отырып,тиісті тексерулер жүргізіледі. Осы ретте шетел мамандарын тартатын компанияларқамтылады. Егер де қазақстандық жұмысшының біліктілігі жұмыс беруші белгілегенеңбекақыға сай келсе, онда маманның жалақысы тиісті деңгейде өседі», - дедіАқмәди Сарбасов.

Еске салсақ, Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-ЖомартТоқаев қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға көңіл бөлуді тапсырған еді.

Айта кетейік, жақында Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасарыГүлшара Әбдіқалықова шетелдік жұмыс күші бар кәсіпорындарда шиеленістіболдырмау жоспары әзірленіп жатқанын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар