Компанияны тарату барысында құрылтайшыға қандай жауапкершілік жүктеледі
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Думан Қансейітов компанияны тарату барысында құрылтайшыға қандай жауапкершілік жүктелетінін айтты.
Айта кетейік, осы жылдың қазан айында қаржы министрінің «Салық төлеушілердің қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» № 654 бұйрығы шыққан болатын. Осыған байланысты қоғамда таратылатын компанияның салық берешегін құрылтайшы есебінен жабу нормасы алаңдаушылық тудырған еді. Алайда, Думан Қансейітовтің айтуынша, аталған бұйрық қолданыстағы заңды бұзбайды әрі құрылтайшылар үшін жаңа міндеттемелер енгізбейді. Құжат тек қана норманың орындалу тәртібін айқындайды.
— Бұл бұйрық жаңадан ештеңе енгізбейді. Бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Салық кодексінің нормаларын жүзеге асыру үшін қабылданған. Ол компания қызметін таратқанда немесе тоқтатқанда салық міндеттемесін қалай орындауы тиістігіне қатысты тәртіпті сипаттайды, — деді ол.
Оның түсіндіруінше, негізгі қағида өзгеріссіз қалады. Егер компанияның салықтық қарызы болса, онда ол салық кодексінде көзделген тәртіппен өндіріледі.
— Егер компания мүлкі жеткілісіз болса, онда құрылтайшы жауапкершілігі Қазақстан заңнамасында тікелей қарастырылған жекелеген жағдайда ғана туындайды. Бұл ереже заңнамада — Салық, Азаматтық кодекстерде, «Оңлату және банкроттық туралы» заңда бұрын да болған. Жоғарыда аталған бұйрық мемлекеттік кірістер органдарының құзіретін кеңейтпей осы нормаларды қайталайды. Мердігер нақты жағдайда компания банкрот деп танылғаннан кейін ғана ынтымақты жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мәселен, компания қасқақана банкроттық жағдайға жеткізгенде, мүлікті шығарғанда немесе жасырғанда, — деп түсіндіреді Думан Қансейітов.