Композитор Рахат-Би Әбдісағин тұңғыш рет Ұлыбританияның төрт қаласында концерт береді  

АСТАНА. KAZINFORM – Композитор Рахат-Би Әбдісағиннің «The bruce» операсының әлемдік премьерасы Ұлыбританияда өтеді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.  

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Тұңғыш рет қазақстандық композитордың операсы Ұлыбританияның төрт қаласында орындалады.

«2024 жылдың 17 ақпанында Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, композитор-пианист Рахат-Би Әбдісагиннің «Брюс» операсының әлемдік премьерасы өтеді. Операда Шотландия королі Роберт I Брюс туралы баяндалады. Опера өткен мен болашақ арасындағы музыкалық көпір және шотландиялық ұлы монархтардың бірі, тәуелсіздік үшін күрескер тұлғасын сипаттап тұрғандай» — делінген хабарламада. 

Либретто Джон Барбурдың 1375 жылы жазылған ортағасырлық «Брюс» поэмасына негізделген және Рахат-Бидің Шотландия Корольдік консерваториясы мен Сент-Эндрюс университетіндегі докторлық зерттеулерінің негізгі бөлігін құрайды.

Шығарма соборлық опера, собордың акустикалық залында орындауға арналған жаңа жанр.