Композитор Ренат Гайсин «Әйел бақыты» бағдарламасына арнап ән жазды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Әйел бақыты» ток-шоуының жаңа маусымына арнап, белгілі қазақстандық композитор Ренат Гайсин ән жазды, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, Ренат Гайсин - «Жаужүрек мың бала» (2012), «Ликвидатор» (2011), «Ағайындылар» (2009) және т.б. фильмдерге саундтрек жазған талантты музыкант. Ал, Нариман Қойшыбаев басшылық ететін «Әйел бақыты» жобасының ұжымы көрермендерге жаңа маусымда түрлі тосынсый әзірлепті. «Әйел бақыты» ток-шоуы эфирге 2013 жылдан бері шығып келеді. Қазақстандағы әйелдердің ең танымал ток-шоуының жаңа маусымы 24 тамызда басталды. Оның алғашқы қонақтары әнші әрі актриса Аша Матай мен «Mysterions» тобының солисі Арман Қоңырбаев 25 қыркүйекте үйлену тойының белгіленгенін хабарлады. «Әйел бақытының» жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы тікелей эфир үстінде осы қуанышты салтанатқа алғашқылардың бірі болып той иелерінен шақыру алды.