Оның айтуынша, көмірді терең өңдеу арқылы алынатын өнімдердің құны бастапқы шикізат бағасынан бірнеше есе жоғары болуы мүмкін.
Вице-министр көмір-химия саласындағы ең перспективалы бағыттардың бірі синтез-газ өндірісі екенін атап өтті. Ол аммиак, карбамид, метанол, олефиндер, синтетикалық отын, кокс-химия өнімдері және заманауи химиялық материалдар өндіруге негіз болады.
— Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстандағы көмір-химия саласының даму әлеуеті 25 млрд АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін, — деді Санжар Жаркешов.
Айта кетейік, бұған дейін көмір өнеркәсібін дамыту жоспары әзірленетіні хабарлаған еді.