Германияның Инзель аймағында конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Жастар арасындағы додада қазақстандық Алина Дауранова екінші орыннан көрінді. Ол қыздар арасында 1000 м қашықтықты 1:17:23 уақытта бағындырды.
Жарыс нәтижесі бойынша Смит Пиен (Нидерланды) топ жарса, Анастасия Семенова (Ресей) үздік үштікті түйіндеді.