1000 метрге жарысудан «В» финалында сынға түскен Екатерина Айдова аталған қашықтықты 1 минут 15.750 секундта жүгіріп өткен.
Ол былтырғы бәсекеге қатыспағандықтан, жаңа маусымды «В» тобында бастаған болатын. Бұл жеңісінен соң қазақстандық спортшы әлем кубогінің келесі кезеңінде «А» тобында сынға түсу құқығын алды. Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Екатерина Айдова 1500 метрге жарысудан кіші күміске иелік етті.
Айта кетсек, әлем кубогінің келесі кезеңі де Херенвен қаласында өтеді.