Конькимен жүгіруден әлем кубогы: Екатерина Айдова финалда ондыққа енді

ОСЛО. ҚазАқпарат - Норвегияда конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр. Қазақстан ерлер командасы спринттен финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Командалық спринтте қазақстандықтар жеңімпаздан 2.77 секундқа ұтылып, жетінші орын иеленді.

Бұл бәсекеде Қытай командасы алтын жүлдегер атанса, күмісті Норвегия, қоланы Польша спортшылары еншіледі.

10 000 метрге жарысудан В тобында сынға түскен Бағдәулет Сағатов 28-ші, Виталий Щиголев 30-шы, Максим Баклашкин 31-ші орынға тұрақтады.

Екатерина Айдова 500 метрге жарысудан В тобында 10-шы орын алса, Евгений Кошкин 18-ші, Иван Аржаников 25-ші орын алды.