Конькимен жүгіруден әлем кубогы: Қазақстан командасы 8-орында

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Обихиро қаласында конькимен жүгіру спортынан әлем кубогінің алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші жарыс күніндегі Қазақстан спортшыларының көрсеткіші:

В дивизионы, 500 метр, ерлер:

...15. Артем Крикунов -35.93

...18. Станислав Палкин - 35.95

А дивизионы, 500 метр, әйелдер

...15. Екатерина Айдова - 38.93

Масс-стартта сынға түскен Демьян Гаврилов пен Дмитрий Морозов тиісінше 14-ші,16-шы орындарды иеленді. 

Ерлер құрамасы командалық сында Польша, Қытай, Беларусь спортшыларын артта қалдырып, 8-ші орыннан көрінді. 

Ертең біздің спортшылар 1500 және 500 метрде бақ сынайды. 

Айта кетейік, әлем кубогінің бірінші кезеңі 16-18 қараша аралығында өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар