Алдымен қытайлық Ю Джин бірінші жүгірісте 37,85 секунд нәтиже көрсетіп, отандасы Ван Бейсиннің 2007 жылдың қаңтар айында орнатқан рекордын жаңартты.
Одан кейін жапондық жігіт Като Джоджи бірінші жүгірісінде 500 метр қашықтықты 35,02 секундта бағындырып, өзінің осыдан төрт жыл бұрынғы құрлықтық рекордын жаңалады. Ал бірнеше минуттан кейін екінші жүгірісінде ол өз нәтижесін 0,04 секундқа жақсартып, бүгінгі рекордын тағы жаңартып үлгерді.
Екі жүгірістің нәтижесі бойынша Като Джоджи оңтүстіккорейлік Ли Кан Сьоктан оқ бойы озып, жарыстың жеңімпазы атанды. Жапондық спортшы сондай-ақ екі жүгірістің жиынтығы бойынша корейлік спортшының Азиялық рекордын да жаңартып отыр. Үшінші орынды тағы бір жапондық спортшы - Нагашимо Кейчиро иеленді, ол өз отандасына 0,43 секунд есе жіберіп алды.
Әйелдер арасында екі жүгірістің қорытындысы бойынша жеңіске қытайлық Ю Чжин қол жеткізді. Ол екі жүгірістің қорытындысы бойынша 76,09 секунд көрсеткішпен Азияның бұған дейінгі рекордын - Ван Бейсиннің 2007 жылғы рекордын 0,01 секундқа жаңартты. Ал Ван Бейсин ханым күміс медальды қанағат тұтты, ол өз отандасына 0,44 секундтай есе жіберді. Ал үшінші орынға оңтүстіккорейлік бойжеткен Ли Сан Хва табан тіреді.