Қонаев әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қонаев қаласы әкімінің орынбасары мен білім бөлімінің басшысы тағайындалды.
Қонаев қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Оңалбаев Жансұлтан Сағнайұлы тағайындалды.
Жансұлтан Оңалбаев 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2002 жылы Қазақстан-Ресей халықаралық университетін кеден ісі жөнінде инженер-эксперт, 2010 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Ақтау қалалық кедендік бақылау департаментінде маман болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласындағы Алмалы ауданында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. 2019 жылдан 2020 жылға дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары болды.
Сондай-ақ Алматы облысы білім басқармасы басшысының бұйрығымен Сәрсенбаева Қаламқас Қойшыбайқызы Қонаев қалалық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Қаламқас Сәрсенбаева 2018 жылдан бастап Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімінің сектор меңгерушісі қызмет атқарған.