Қонаев сотының төрағасы сотталды

Фото: Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қонаев қалалық сотының төрағасы сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты.

«Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен Қонаев қалалық сотының төрағасы Ж.Қ.Жанболатов 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол сотталушыға жазасын жеңілдету сылтауымен, аса ауыр қылмысты жеңілдету бойынша 9 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алу арқылы алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды», — деді ресми өкіл. 

Оның атап өтуінше, қосымша жазалау шарасы ретінде Жанболатов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Қызылорда облысында қаржылық пирамида құрған азаматша 5 жылға сотталды.