Қала әкімдігінің мәліметіне сәйкес, Қонаев қаласы жылу беру маусымына дайын. Жазда № 2 және № 4 қазандық жөндеуден өтіп, су жылытқыш қазандыққа ревизия жасалған. Оған қоса, ауданішілік 2000 метр жылу құбыры ауыстырылды.
— «Жылу орталығында» 10 қазандық жұмыс істейді, оның бірнешеуі резервте тұр. Қонаевта 300-ден астам көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, - деп хабарлады әкімдіктен.
Сондай-ақ қаланың тұрғын үйлері мен ғимараттарын алдағы жылыту маусымына дайындау үшін «Жылу Орталығы» МКК барлық қажетті іс-шараларды тиісті түрде жүргізуді ұсынды:
* үйлердің ішіндегі жылу жүйесі айналымның бұзылуы анықталған жағдайда ревизия жүргізу, ақауларды жою;
* жылыту радиаторларын тексеріп, қажет болған жағдайда ауыстыру;
* жылумен жабдықтау жүйесін жуу;
* бекіту арматурасына тексеру жүргізу және ауыстыру;
* тұндырғыштарды тазалау;
* үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу құралына тексеру жүргізу;
* жылу оқшаулауын, гидрооқшаулауды қалпына келтіру.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әлеуметтік нысандар жылуға 7 қазаннан бастап қосылатынын жазғанбыз.