Қонаев қаласындағы көшеге Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Қонаевтағы Фрунзе көшесіне Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді. 

Фото: Қонаев әкімдігі

Тарихи тұлғаның есімі қала көшесіне берілуіне байланысты Қонаевта салтанатты іс-шара өтті. Оған әскери қызметкерлер мен қала әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков қатысты.

Фото: Қонаев әкімдігі

Бұған дейін Центральная көшесіне Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілген болатын. 

Сондай-ақ Қонаевтағы «Жеңіс» паркінде тәжік-ауған шекарасында, Қарабақ пен Ирак Республикасында ұрыс қимылдарына қатысушы сарбаздардың құрметіне мемориалды тас ашылды. 

Фото: Қонаев әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Қонаев қаласында еңбек адамдарына арналған муралдар пайда болғанын жазған едік.