«Бүгінгі шараға 10-ға жуық автокөлік қатысып жатыр. Біз барлық сайлау учаскелерін аралап жүрміз. Жалпы біз ешқандай шарадан тыс қалмаймыз. Сонымен қатар бүгін азаматтық борышымызды өтеп, дауыс бердік», - деді Мұрат Сіргебаев.
Сонымен қатар ол Наурыз мерекесіне орай тағы да автошеру ұйымдастыратынын жеткізді.
«Наурыз мейрамында өткен ғасырдың қырқыншы жылдарынан алпысыншы жылдарына дейінгі аралықтағы көліктер шеруі болады. Бүгін мен осы темір тұлпарлардың бірі – мотоциклмен келдім. Көне автомобильдер адамдардың үлкен қызығушылығын тудырады. Фотосессия ұйымдастырып, жүргізіп көруіне де рұқсат етеміз», - деп қосты Мұрат Сіргебаев.
Айта кетейік, Қонаев қаласы бойынша 34 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның бесеуі жабық сайлау учаскесі.