Шомылу маусымы: Қонаевқа келушілер былтырғыдан 300 мыңға артқан
ҚОНАЕВ.KAZINFORM - Биыл Қапшағай су қоймасының жағалауына демалуға 1,5 миллион адам келген. Өткен жылмен салыстырғанда демалушылар саны 300 мыңға көбейді. Бұл туралы Қонаев әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала әкімдігінің мәліметіне сәйкес, шаһардағы 140 демалыс орны 840 млн. теңгеге қызмет көрсеткен.
- Биыл «Ақ Жайық» демалыс орнының қонақ үй кешені қолданысқа берілді. Алдағы уақытта инвестициялық қаржыға 9 демалыс нысаны салынбақ. Тартылатын қаражаттың жалпы көлемі –294,6 млрд. теңге. Жаңадан 2000-нан астам жұмыс орны құрылады, - деп хабарлады Қонаев әкімдігінен.
Сондай-ақ, қала басшылығы шомылу маусымы кезінде ашық суда жүзуден «Ocean Man» Халықаралық жарысы, «Rock family fast» фестивалі, «Aspan fest» концерті ұйымдастырылғанын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Қонаев қаласындағы ескі гараждар бұзылып, орнына басқа нысандар салынатынын жазғанбыз.