«Қалада спортқа қызығушылар саны жыл санап артып келеді. Бұл – өте қуантарлық жағдай. Бұқаралық спортты дамыту үшін жылына жүздеген шара ұйымдастырылып жатыр. Түрлі деңгейде чемпион атанып жүрген спортшыларымыз да көп. Аталған нысан ел игілігіне жарайды деген сенімдеміз», - деді ол.
Алаңда жаттығуға арналған түрлі жабдықтар орнатылған. Балалар үшін музыкалық құралдар қойылған. Жасыл аймағы да бар. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында бірнеше бейнебақылау камералары орнатылған. Алаңның құрылысы 10 айға созылды. Мұнда тұрғындар спортпен тегін айналысады.
Спорт алаңының ашылу салтанатынан кейін онда стритбол, соккербол, кросфиттен жарыс өтті. Оған 130-ға жуық спортшы қатысты. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Еске салайық, бұған дейін Қонаевта тазалыққа байланысты 1 млн теңгеден астам айыппұл салынғанын жазғанбыз.