Аталған тауарлар «Іле ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» мемлекеттік сот орындаушылары тарапынан тәркіленіп, әрі қарай шара қолдану үшін әкімдікке жіберілген.
- Тізімге акцизделмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнімдер, Қытайда өндірілген бір тоннадан аса биологиялық белсенді қоспалар және акцизделмеген 80 қорап темекі өнімдері кірді, - делінген ақпаратта.
Мүлікті жою барысында барлық комиссия мүшелері – санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, кәсіпкерлік бөлімі өкілдері, сондай-ақ депутаттар мен қоғамдық ұйымдар қатысқан.
Тауарлар қоқыс полигонына жеткізіліп, ауыр техникамен толықтай жарамсыз етілді.
Айта кетейік, Алматы облысында бір апта өртенген қоқыс полигоны жабылуы мүмкін.