Әлеуметтік желіде баланың жол апатынан мерт болғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға 11-шағын ауданында болғаны және онда жаяу жүргіншілер жолы жоғы айтылды.
Желі қолданушылары көшедегі жол қауіпсіздігі сақталмағанына наразы.
Полиция қызметкерлері адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісін растады.
20 қыркүйек сағат 18:40 шамасында 22 жастағы Hyundai автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде болған кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмды.
— Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында, — делінген хабарламада.
Еске салайық, Қызылорда облысында жол апатынан екі адам көз жұмған еді.