Мекеменің ақпаратына сәйкес, газ беру Абай көшесінің жолын жөндеумен қатар, үлкен қысымды газ желісін жаңғыртуға байланысты уақытша тоқтатылады. Газ құбырының жаңа желісін қолданыстағы желіні ажыратпай қосуға мүмкіндік жоқ.
– Үш күн бойы №1,2,3,4,5, Восточный, Гүлдер, Спутник, Арна, Рауан, № 18,19,20 шағын аудандарында және Железнодорожная көшесінде көгілдір отын беру тоқтатылады немесе кей аудандарда газ қысымы төмендеуі мүмкін. Көгілдір отынды көп уақыт жоғалтпай қосуға тырысамыз. Уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, - деп хабарлады мекемеден.