Қонаевта дәрігерлер мен құтқарушылар шомылу маусымында 30-ға жуық адамның өмірін арашалап қалды

Фото: freepik.com

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қонаев қаласында шомылу маусымы кезінде 30-ға жуық азаматтың өмірін сақтап қалған дәрігерлер мен құтқарушылар марапатталды.

Қала әкімінің Алғыс хаттарын:

  • 8 адамды судан құтқарған Бекзат Рақымжанов;
  • 6 адамды құтқарған Бақдәулет Тұрсын;
  • жансақтау бөлімінің дәрігері Рият Бакриев пен кіші медицина қызметкерлері Бақжан Іскендір, Қанат Арынбаев;
  • энергетик Бекзат Тәңірберген;
  • «Қонаев Су арнасы» МКК қызметкері Дәулет Ағайдаров;
  • «Қонаев Жылу орталығы» МКК электрожөндеушісі Руслан Макатьев иеленді.

Реаниматолог Рият Бакриев шомылу маусымында 30-ға жуық адамның өмірі аман қалғанын, оның ішінде үш жасқа жетпеген бір баланың оқиғасы ерекше есте қалғанын атап өтті.

Дәрігердің айтуынша, суға батудың негізгі себебі – алкоголь өнімдерін тұтыну, ересектердің 70-80%-ы мас күйде болған.

Айта кетейік, Алматы маңындағы тауда тас құлап жарақат алған жасөспірім құтқарылды.