Су тапшылығы мәселесін шешу үшін «Қонаев Су Арнасы» мекемесі 1 тамыздан бастап барлық демалыс орындарында күндіз бассейндерді толтыруға және газондарды суаруға тыйым салды. Бұдан бөлек, мекеме мамандары шағын аудандардың ішіндегі құдықтардың құрылғыларын тексеріп, ретке келтірді. Нәтижесінде су қысымы бір қалыпқа түсті.
- Қонаевта ауыз су желілерінің 80 пайызы тозығы жеткен. Мәселені шешу мақсатында Кешенді даму жоспарына сәйкес, 6 жобаның құжаттары дайындалуда, - деп хабарлады қала әкімдігінен.
Еске салайық, бұған дейін Қонаев әкімдігі жабайы сауда орындарымен қалай күресіп жатқанын жазғанбыз.