«2 тамызда 02:20 минутта Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне хабар түскен. Онда Қонаев қаласының 2 ықшамауданында көппәтерлі төртқабатты үйде пәтер жанып, оттың шатырға ауысқаны айтылған. Қабырғалары панельді (бетонды), төбесі жұмсақ, үстіне ағаш кесілген металл орнатылған, жылыту орталықтандырылған, орталықтандырылған газбен жабдықтау жоқ. Өрт орнына дереу Алматы облысы ТЖД күш-құралдары жіберілді. Қонаев қаласындағы ең жақын өрт сөндіру бөлімінен қашықтық - 2,5 шақырым. Ең жақын өрт сөндіру гидранты Алматы және Қойшыманов көшелерінің қиылысында 300 метр қашықтықта орналасқан»,- делінген ведомство хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес,бірінші бөлім келген кезде көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры толығымен отқа оранған.
Өрт сөндіруге шатырдың жабық люктері кедергі жасады, оны бұзуға тура келді (құлыппен құлыптаған) сондай-ақ ағаш тақтайшаның үстіндегі металл шатыры қиындық туғызды.
Өрт шыққан пәтерде көшеге шығарылған газ баллонының жарылуына жол берілмеді.
Ол көшеге шығарылды.
Жеке құрам пәтерлерден 20 газ баллонын сыртқа шығарды.
Эвакуацияланған тұрғындардың жалпы саны - 210 адам, оның ішінде 160 адам өз бетінше шығып үлгерді.
Қызметкерлер 50 адамды эвакуациялады, оның ішінде 10 бала бар. Медициналық көмекке мұқтаж емес.
Сағат 04:47-де тілсіз жау оқшауланып, сағат 06:00-де сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің таралуының себебі - кешігіп хабарлануы.
Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД анықтау бөлімінің және зерттеу сынақ өрт зертханасының қызметкерлері оқиға орнында.
Өрт сөндіруге Алматы облысы ТЖД бойынша 50 қызметкер мен 12 техника, жергілікті атқарушы органдардан 8 адам және 4 техника, жергілікті полиция қызметінен 30 қызметкер және 8 техника, екі бригада және 4 қызметкерден құралған жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД қауіпсіздік ережесі бойынша, газ және газбен жабдықтау туралы заңға сәйкес екі қабаттан жоғары ғимаратта газ баллонын пайдалануға жол берілмейтінін еске салды.
Егер үйдің үш және одан да көп қабаты болса, онда газ баллондарын пайдалануға тыйым салынған.