Қонаевта пышақ жарақатын алған адамның жағдайы қалай
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қонаев қаласында пышақ жарақатын алған ер адамның қазіргі жағдайы белгілі болды.
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі автобус жолаушысы 28 шілде күні мойын тұсынан пышақ жарақатын алғанын хабарлады.
«Науқас жедел жәрдем бригадасымен Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Аурухананың қабылдау бөлімінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді, яғни мойынның кесілген жарасына алғашқы хирургиялық зарасыздандыру жүргізілді. Мойын тамырларының компьютерлік томографиясы мен кеуде қуысының рентгенографиясы жасалды»,- деп хабарлады емдеу мекемесінен.
Дәрігерлердің айтуынша, тексеру кезінде науқастың күре тамырының зақымданбағаны белгілі болды.
Науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Осыған байланысты мамандар оны амбулаторлық емдеуге жіберді.
Бұған дейін ер адамның қоғамдық көлікте пышақ жарақатын алғаны туралы жазған едік.