Қонаевта жаңадан төселген асфальт опырылып, ішіне көлік түсіп кетті

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Қонаев қаласында жаңадан төселген асфальт опырылып, ішіне көлік түсіп кетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген суреттен жаңадан төселген асфальттың опырылып, жер шұңқырайып қалғанын анық көруге болады.

«Бұл жағдай суық су құбырының жарылуы себебінен болды. Қазір жол қалпына келтіріледі»,- деді ҚазАқпарат тілшісіне Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Ғалымұрат Жүкел.


Фото: www.instagram.com/konaevkz