«Активтерді қайтару бойынша ақпараттық жүйемізде бар мәліметтерді ғана ұсына аламыз. Біздің жүйеде ғимараттар, құрылыстар, қонақ үй кешендері, бұрынғы шипажайлар, теміржол тұйықтары мен бизнес орталықтары мен шетелдегі қаржы шоттары тағы басқа бар. Олар мемлекетке қайтарылды, бірақ толық статистиканы уәкілетті орган береді», - деді Іңкәр Елубай Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен брифингіде.
Оның айтуынша, активтерді мемлекетке қайтарғандардың арасында жеке және заңды тұлғалар да бар.
«Оның ішінде 2 мыңнан астам жеке тұлға бар. Активтерді қайтару арқылы бюджетке 3 млрд теңге түсті», - дейді комитет өкілі.
Бұған дейін өткен жылы пайдалы қазбаларды өндірушілерден 160 млрд теңге салық түскені туралы хабарлаған едік.