АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Париждегі Ritz қонақ үйіндегі жөндеу жұмыстары барысында француздық суретші Шарль Лебреннің ертеде салынған картинасы табылды.
Бұл туралы Christie's бәссауда үйінің өкілдері мәлім етті.
Мамандардың сараптамасынан кейін аталған туындыда қазіргі заманғы бояулардың белгілері мүлдем табылмаған. Бұл картина король Людовик XIV сарайында Лебрен ресми суретші атанбай тұрып ертеректе салынған екен. Айта кетейік, ол XVII ғасырда француздық өнердің атақты өкілдерінің бірі болатын.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.