Қонақүйдің алтыншы қабатынан секіріп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу орталығындағы «Балчуг» қонақүйінің алтыншы қабатынан сонда тұрып жатқан азамат секіріп кетті.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 40-45 жас шамасындағы еркек бір сағат бойы өз нөмірінің терезесінен секіремін деп қорқытқан.

Оқиға орнына шұғыл қызмет шақырылды. Полицейлер мен психологтар өзін-өзі өлтіруге жол бермеу үшін үгіттеп бақты.

Бірақ солардың көз алдында әлгі адам терезеден секіріп кетті. Асфальтқа құлаған азамат тіл тартпай кетті. Әзірге оны оның мұндай әрекетке не итермелегені белгісіз болып отыр.