Концертмейстер балеттің көпшілік білмейтін қырлары туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балет өнері музыкамен тығыз байланысты. Кейіпкердің көңіл-күйі, эмоциясы іс-қимыл және музыка арқылы жеткізіледі, сол себепті хореографиялық практикада міндетті түрде музыкант, дирижер және пианист болады. ҚазАқпарат тілшісі балет концертмейстері Долорес Үмбеталиевадан балеттің көп адам білмейтін қырларын сұрап, білді.

«Балет – өзгеше өмір. Балетке қатысты терминдерді, аяқ, қол, дененің қандай қалыптары бар екенін жетік білу керексіз. Ең бастысы – сезе білу қабілеті керек. Кәсібі білімнен бөлек, балет сабағын ойнай білуі керек. Көптеген концертмейстер осыған келгенде қиындыққа тап болады. Концертмейстер ырғақты жақсы сезіне білуі және музыкалық сауаты болуы керек», - дейді Долорес Үмбеталиева.

Долорес Үмбеталиева – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының балет концермейстері. Ол Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын бітіргеннен кейін педагог, концертмейстер болған, тіпті ансамбль құрамында өнер көрсеткен.

«Балеттен басқа жердің бәрінде өзімді сынап көрдім», - дейді концертмейстер.

Ол балет әлемімен 90-жылдары танысқан. Ол бұл салаға келгенде балеттің қыр-сырын білмеген. Оған аты аңызға айналған Ваганов атындағы балет мектебін бітіріп, үлкен тәжірибе жинаған педагогтар, репетиторлар қолдау білдіріп, көмектескен. 2016 жылы ол балет әртісі, педагог Алтынай Асылмұратовамен танысады. Олар бүгінгі күнге дейін тығыз байланыста. Сол кездесуден кейін Д.Үмбеталиева балет труппасына жұмысқа ауысады.

«Музыкант, пианист сияқты музыка аспаптарын жақсы меңгеру керексің, себебі балет кезінде бірінші нотадан соңғы нотаға дейін ойнайсың. Балеттің өз ерекшелігі бар, сондай-ақ әр композитордың өз ерекшелігі бар. Егер кәсіби маман болмасаң Чайковский немесе Прокофьевтің музыкасын ойнау өте қиын болады», - дейді концертмейстер.


Долорес Үмбетәлиева әртістермен, педагог-репетитор, дирижермен тығыз байланыста болу керек екендігін айтты.

«Спектакльге дайындалған кезде көп нәрсе концермейстерге байланысты болады: ол аспапт бар жан-тәнімен беріліп ойнауы керек және балет мәтінін білуі керек. Оркестрмен жұмыс істейтін дирижер кейде сенімен ақылдасады, себебі концертмейстер күні бойы залда жүріп, спектакльдің қыр-сырын жақсы біледі», - дейді ол.

Жетекші концертмейстер балет труппасында жұмыс істей алатын сауатты, тәжірибелі пианистер аз екенін айтты.

«Сауатты мамандар саусақпен санарлық. Очень сложно найти грамотных специалистов, потому что их единицы. Жоғары оқу орнын бітірген жастар опера және балет саласындағы жұмысты сирек таңдайды. Олар алдыларында қандай жол, қандай сынақ күтіп тұрғанын түйсінеді. Бұл – шешімін табу керек мәселе. Елордада болашақ концертмейстерлерді дайындайтын кафедра жоқ. Бұл салада жас пианистер оқығанын», - дейді балет концертмейстері.


Ол балет концертмейстері көп машықтануы керектігін айтты.

«Біз жұмыс іздеп келгендердің бәрін жұмысқа ала бермейміз. Келген адам тағылымдамадан өтіп, балет әлемімен танысады, сондай-ақ сабақтарға қатысады. Одан кейін ғана ол қандай салаға келгенін түсінеді. Ол сонда ғана кім болғысы келетіні туралы шешім қабылдайды. Бұл салада жүргісі келетіндер санаулы ғана. Осы жолды таңдаған адамға бағыт беріп, бар білгенімді үйретіп, көмектесуге тырысамын. Бәрін ақ парақтан бастау – оңай емес», - дейді Долорес Үмбетәлиева.


Музыкант не ойнап отырғанын өзі жақсы түсінуі керек. Сол себептен болар, танымал концертмейстер Эмма Липаның «Балет пианисті балетпен тыныстауы керек» деген сөзі әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.