Тоғыз адам ауруханаға жатқызылған, соның екеуі кәмелетке толмағандар.
Оқыс оқиға спорт және мәдениет фестивалі аясындағы концерт өтіп жатқан кезде болған. Хабарларға қарағанда, адам шығыны жоқ.
Құқық қорғау органдары оқыс оқиғаның егжей-тегжейін тексеріп жатыр. Болжамдарға қарағанда, ағаш платформа көрермендердің шамадан тыс көбеюінен құлап түскен болуы мүмкін.