Бұл жолғы рекорд тіпті ханзаданың үйлену тойының трансляциясынан да бірнеше есеге асып түсті.
Lenta.ru агенттігінің хабарлауынша, телерадиохабар таратушы «Би-би-си» корпорациясы 17 миллион көрерменнің назарында болып, рекорд жасады.
Концерт кешкі мезгілде Букингем сарайының алдында өтті. Салтанатты шараға әлемге әйгілі өнер жұлдыздары: Том Джонс, Пол Маккартни, Робби Уильямс, Элтон Джон, Стиви Уандер мен Кайли Миноуг қатысып, мерейтой 3,5 сағатқа созылған. Концерт соңында Чарльз ханзада сөз сөйлеп, оны халықтың 57,4 пайызы тамашалаған, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.